Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

АСТАНА ОРЫНБОРДАН ҚЫЗЫЛОРДАҒА КӨШТІ


Сұлтанбек Қожанов астананы Орынбордан қазақтың қалың ортасына көшіруді қызу қолдады.
«Мемлекет астанасының жұртшылығына сүйеніп істемесе, бас хүкіметтің ісі оңбайды» деп жазды. Баспасөз бетінде, яғни «Ақжол» газетінде «Кешіктірмей келісу керек» (1924ж.), «Іс жүзінде орындау керек» (1924ж.), «Қазақтың кіндігі қай қала болсын» (1925ж.), т.б. мақалалар жарияланды. Тағы бір мақаласында «Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шаралар іс жүзінде істелуі қиын» деп жазды.
Содан, 1925 жылдың ақпанында Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумы республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына көшіру жайлы қаулы қабылдайды. Ал 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды.
Перовск станциясы теміржол жұмысшылары Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде «Қызыл паровозды» жөндеуден өткізіп, Орынборға жібереді. Қырғыз (Қазақ) АССР Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поез Орынбордан республиканың жаңа астанасы, Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: