WhatsApp және Instagram желілерінің мобильдік қосымшасының қолданушылары ерекше ұзату тойын тмашалап үлгерді.
Видео көріністерінде жеке үйлердің бірінде болған оқиға баяндалады. Үйдің сыртқа шығар есігі алдына әдетте ұзатылған қыздың алдына жайылатын ақ мата төселгенін аңғаруға болады. Одан кейін үйден ұлттық киім киген және орамал таққан әйел кісі шығады. Ол кісі өз кезегінде туған-туысқандарымен қоштасып шығады. Ендігі бір видеода оның билеп жүргенін аңғарасыз.
Бірқатар дерек көздері бойынша, бұл оқиға Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Сенек ауылында болғаны айтылады. Әйел кісінің жасы 55 жаста екені айтылса, ендігі бірінде 61-де деп айтып жатқандар бар. Біраз уақыттан кейін желі беттерінде беташар тойының суреті жарияланған.