ВЕЛОСИПЕДПЕН БАСЫНДА ДОП ҰСТАП 103 ШАҚЫРЫМДЫ АРТТА ҚАЛДЫРДЫ (ВИДЕО)
Нигериялық Харрисон Чинеду өзінің ерекше қабілетімен көзге түсті. Футболшы басындағы допты түсірмей 103 шақырым жүріп өтті, деп жазады seykhuninfo.kz.
Ол бұл әрекетіне қуанышты екенін жасырған жоқ. «Рекорд орнатқаныма өте разымын. Әрине, бұл ерекше оқиғаның басты кейіпкері болғаныма қуаныштымын. Бұл рекордыма жұрт ризашылығын білдірді. Нәтижесін күтеміз» деді ол.
Бұл оның алғашқы рекорды емес. 2016 жылдың наурызында осындай оқиға тіркелген еді. Ол жолы басында доп ұстап жаяу 48,4 шақырымды артта қалдырған еді.