» » Дәрігер бас және мойын қатерлі ісігінің басты белгілерін атады

Дәрігер бас және мойын қатерлі ісігінің басты белгілерін атады

Айдар: Денсаулық

Мәскеулік дәрігер бас және мойын қатерлі ісігінің басты белгілерін атады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Дәрігердің айтуынша, ауыз қуысында ақ немесе қызыл түсті қабықтың пайда болуы, жұту кезіндегі ауыру сияқты белгілер байқалғанда қауіптену керек.
Сондай-ақ, пигмент дақтардың түсі өзгерсе немесе мұрын бітіп, бас жиі ауыра бастаса дәрігерге көрінген жөн дейді мамандар.
"Онкологиялық аурулардан жазылу үшін уақтылы тексеріліп, дертті уақтылы анықтау қажет. Дертті ерте кезеңде байқаған жағдайда науқастардың 84 пайызына дейін дерттен толық жазылады. Бас және мойын ісігімен ауыратын науқастар арасында өлімнің басты себебі - кеш қойылған диагноз. Бұрын бас-мойын қатерлі ісігі диагнозымен 60 жастан асқан адамдар көп ауыратын. Қазір 25-30 жастағы адамдар да көп шалдыға бастады", - дейді дәрігер.

Тengrinews.kz