» » Қызылордада облыстық көпбейінді аурухананың қызметкері коронавирус жұқтырды

Қызылордада облыстық көпбейінді аурухананың қызметкері коронавирус жұқтырды

Айдар: Денсаулық / Сонғы жаңалықтар

Бүгінгі таңда облыс бойынша вирус жұқтырған 246 науқас. Барлығы бақылауда. Ал емделіп шыққан адам 200-ге жетті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Коронавирус инфекциясымен 1 науқас анықталды. Ол облыстық көпбейінді аурухананың фильтр кабинетінің қызметкері. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкері. Жалпы соңғы тәулікте 12 науқас емделіп шығып, есеп 200-ге жетті. Оның ішінде 34-і медицина саласының қызметкері",-деді бас дәрігер.
Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1474 азамат.
Облыс бойынша 16 мамыр күні барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді. Қалдық текст-3464.