Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорған ұстаздары құрметке бөленді

Жаңақорған ұстаздары құрметке бөлендіЖаңақорған аудандық мәдениет үйінде "Жүрегі дархан ұлылық" тақырыбында мерекелік салтанатты жиын болып өтті.
Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұстаздық ұлы өнегесімен өшпес қолтаңбасын қалдырып жүрген ұстаздарды төл мерекесімен алғаш болып аудан әкімі Р.Рүстемов құттықтап, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жарқын істеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудан басшысы Руслан Рүстемұлы ауданымыздың білім саласында үздік нәтиже көрсеткен біршама ұстаздар қауымы мен осы салада еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарды білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады. Ал №167 орта мектебінің педагог- психологы Камакова Ардақ облыстық білім басқармасының "Үздік педагог- психолог-2015" байқауында жүлделі 1 орынды алғаны үшін дипломмен марапатталды. Мерекелік кеш соңы "Әлшекей" атындағы өнер мектебінің ұстаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: