Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІҚазалы ауданы Əйтеке би кентіндегі 266 мектеп лицейінде "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан жастарымен семинар тренинг өткізілді. 
Шараға Қызылорда облыстық "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Жаппарбергенов Рахметулла, Қызылорда облыстық "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігінің психологы Утемисова Айда, дін мəселерін зерттеу орталығы Қазалы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Нәлібаев Нұрғазы, аудандық ішкі істер бөлімінің əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тобының инспекторы Есетова Құрмет жəне "Жастар ресурстық орталығы" Қазалы аудандық бөлімшесінің кеңесшісі Қуаныш Көбейсінов қатыстырылды.
Семинар тренинг «Жастардың психологиялық денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы» тақырыбында өткізілді. Семинар-тренингке қатысушы жастар барынша өз белсенділін танытып, арнайы сертифкаттармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: