Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕН БОРЫШКЕР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ЖАЛАҒАШТА АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕН БОРЫШКЕР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық сотта алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер әкімшілік жазаға тартылды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының хабарлауынша, аудандық соттың бұйрығымен өндіріп алушының пайдасына борышкер И.Шайхиевтың барлық айлық табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілуі тиіс болатын. Сот бұйрығын мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларға жолдануы қамтамасыз етілді.
Алайда, борышкер ұзақ уақыт бойы баласына алимент төлеуден жалтарғаны үшін сот орындаушымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  669-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды.
Жалағаш аудандық сотының 06.09.2016 жылғы қаулысымен И.Шайхиев ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық Б.Ұзақбаевтың тарапынан анықталып, аудандық соттың қаулысымен әкімшілік айыппұл салынды. Аудандық прокуратурамен бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: