Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ БЕРУДІ 15 ҚАЗАННАН БАСТАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ БЕРУДІ 15 ҚАЗАННАН БАСТАЙДЫ

 

Қысқы жылу маусымына 15 шақты күн қалды. Осыған байланысты жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіруші қалалық штаб құрылып, бүгінгі таңда дайындық жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілуде.
«Қызылорда жылу электр орталығы» Қызылордада жылу беруді 15 қазаннан бастайды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Марсбек Молдабаевтың қатысуымен өткен брифингте «Қызылорда жылу электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары Өтеулі Ахметов хабарлады. 
- «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны өз қаржысы есебінен 284 млн 411 мың теңгеге станцияның негізгі және қосалқы қондырғылары, сауыттар мен жоғарғы қысымды құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу маусымына дайындық шаралары атқарылуда. Орталықтандырылған жылу көздеріне қосылған 632 көппәтерлі тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етіледі. Алдағы жылу маусымында жылу қабылдай алмайтын қаупі бар 16 көпқабатты тұрғын үйлер анықталып отыр. Аталған тұрғын үйлердің өжірелеріндегі инженерлік жүйелер тозығы жеткен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр, - деді Ө.Ахметов.
Айта кету керек, осы мәселені шешу мақсатында тұрғындармен жиындар өткізіліп жатыр. Әлі де тұрғындар тарапынан тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жергілікті атқарушы органдар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп береді деген оймен немқұрайлық танытуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: