Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүк тасымалымен табыс таппақ

Табыс табудың түрлі жолдары бар. Әрине, әркім қолынан келетін іске бел буады. Мәселен, Жаңақорған ауданының тұрғыны Ержан Мәуленов жүк тасымалымен айналысуды жөн көріпті.
Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда облысындағы филиалынан несие рәсімдеп, КаМАЗ жүк көлігін тіркемесімен қосып сатып алды. Қор кәсіппен айналысамын деушілерге әрдайым қолдау көрсетуге әзір.
Айта кетейік, "Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 пайызбен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: