Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында есігін айқара ашқан Сыр өңірінің берекесі мен бірлігінің символы – Достық үйі бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстарын жүргізіп келеді. 
Осы жұмыстардың шеңберінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының құрылымдарын Достық үйінің ғимаратымен таныстыру жұмыстары басталды.
Жоспарлы іс шараларға сай 2016 жылдың 9 ақпаны күні Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің «Шаңырақ» клубының 70-ке жуық белсенділері Достық үйінің ғимаратымен аралап, 1 күндік жұмысымен танысты.
қпен тамашалап, түрлі сұрақтарына жауап алды.
Сонымен бірге оқушылар Достық үйінде қазақ, орыс, ағылшын тілімен қатар өзге де этнос тілдерін меңгеруге мүмкіндік бар екендігін білді. Және де өнерлі жастар түрлі бағыттағы үйірмелерге, соның ішінде қазіргі заманның талабына сай би үйірмесіне түрлі этнос жастарының көптеп қатысатындығын көрді. 
Достық үйінің жұмысымен толық танысқан мектеп оқушылары жан-жақты қызығушылықтарын білдіріп, алдағы уақытта Достық үйінде өткізілетін түрлі шараларға белсене қатысатындықтарын қуана жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: