Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛАРМОНИЯСЫ ӨЗБЕКСТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛАРМОНИЯСЫ ӨЗБЕКСТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІҚызылорда облыстық филармониясының  ұжымы үстіміздегі жылдың 13-16 мамыр күндері аралығында  Өзбекстан еліне гастрольдік сапармен барады. 
Сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан мемлекетінің Тәуелсіздігіне 25, шығыстың ғұламасы  Ә.Науаидің 575 және жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығына арналмақ. Сонымен қатар екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайту болып табылады.
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан гастрольдік сапардың алғашқы концерті 13 мамыр күні Ташкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өтеді. Мұнан кейін, 14 мамыр күні Самарқанд қаласында экскурсия  ұйымдастырылып,  Науаи қаласында концерт береді. Ал, 15 мамыр күні Нұрата ауданында орналасқан Әйтеке би кесенесіне зиярат етіп, Гагарин қаласына концерт қояды. Сапар барысындағы соңғы концерт 16 мамыр күні Ташкент облысы, Тойтөбе қаласында болады.
Жалпы, өзбек еліне облыстық филармония ұжымы директорының орынбасары Азиза Іздіқұлова және облыстық өзбек этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ашур Хамидов бастап барады. Аталған концерттерде ҚР Еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, ҚР Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова, «Тұран» триосы, «Томирис» би ансамблі, жыршы Марат Сүгірбай және филармония өнерпаздары Бекзат Молдабергенов, Олжас Нұралиев, Назерке Нұраддинова, Гаухар Бисекенова өнер көрсетеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: