Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БОТАБАЙДА ШӘЙМЕРДЕН БӘКІРҰЛЫНЫҢ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

БОТАБАЙДА ШӘЙМЕРДЕН БӘКІРҰЛЫНЫҢ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

 

Шиелі өңірінде дүние есігін ашып, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне және экономикалық дамуына үлес қосқан есімдері тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын бір туар азаматтар көптеп кездеседі. 
Соның бірі Шәймерден Бәкірұлы. Мемлекет және қоғам қайраткері Шәймерден Бәкірұлының туып өскен жері Ботабай елді мекеніндегі №228 орта мектеп ішінен мұражайы ашылды. Ұлықтау шарасына Шәймерден Бәкірұлымен қызметтес болған әріптестері мен үзенгілес достары қатысты. Мұражайдың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Ш. Бәкіровтың өнегелі өмір жолына тоқталып, елге жасаған еңбектерін айтып, жиылған қауымды құттықтады. Шәймерден Бәкірұлы 1930 жылы Тартоғай ауылында дүниеге келіп, ұзақ жылдар бойы бірқатар аудандарды басқарып, жауапты қызметтер атқарған. Өзінің қызмет жолында Сыр өңірінің ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосып, егістік жерлерді суландыруға ең қажетті каналдардың қазылуына еңбек етіп,үлес қосқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: