Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Құммен сурет салу өнері (ВИДЕО)

Құммен сурет салу өнері (ВИДЕО)Қызылордалық қылқалам шебері Дәулетбек Тойшыбаев өңірде бейнелеу өнерінің жаңа түрін жан-жақты дамытып келеді, деп хабарлайды 24.kz.
 Бүгінде ол әйнек бетінде құммен анимациялық суреттер салуға машықтандыратын үйірме ашып, шәкірт тәрбиелеуді қолға алып жүр. Дәулетбек Тойшыбаев екі жылдан бері әйнекке құммен сурет салуды кәсіп етіп келеді. Жас суретші ой-қиялынан туған бейнелер арқылы санаулы минуттар ішінде анимациялық туындылар жасайды. Бүгінде шебер шәкірт тәрбиелеу ісін де қолға алды. Оның бұл бастамасы демеушілер тарапынан қолдау тауып, қырыққа жуық өрен өнердің осы түріне машықтануға мүмкіндік алды. Бейнелеу өнерінің бұл түрі жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие. Өйткені құммен салынған анимациялық туындылар сырына қанығып, оның кереметін сезінушілер қатары көбейген. Сурет салуға әуес жеткіншектер де бұл өнердің ғажайыптарына қанығып өсуде.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: