» » ЖАПОН ЖИҺАНКЕЗІ ҚАРМАҚШЫДА БОЛДЫ

ЖАПОН ЖИҺАНКЕЗІ ҚАРМАҚШЫДА БОЛДЫ

Айдар: Мәдениет, Сонғы жаңалықтар

ЖАПОН ЖИҺАНКЕЗІ ҚАРМАҚШЫДА БОЛДЫ

 

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қорқыт Ата мемориалды кешенінде ашылған этноауылға бүгінгі таңда келушілер көп.
 
Олардың қатарында республика өңірлерінен ғана емес, Ресей, Голландия, Франция, Германия, Жапония, Польша сияқты шет мемлекеттерден де туристер бар. Қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, Қорқыт Ата туралы мәліметтер алуда. Солардың бірі - Жапониядан келген парламенттік делегация жақында этноауылды тамашалап қайтты.