» » «НЕГЕ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫНА ШАҚЫРАДЫ

«НЕГЕ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫНА ШАҚЫРАДЫ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

Қадірлі көрермендер!
А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Жастар» театры 4, 5 мамыр күндері сағат 17.00-де және 19.00-де Б. Айдарбековтің «Неге» драмасының премьерасына шақырады.
Драмада Байділдә Айдарбеков шығармасының желісі бойынша діни экстремизмнің құрбанына айнала жаздаған қыздың әрекеті бейнеленеді. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, әкесінен айырылған Нұргүл есімді қыздың тағдырын жаман ниетті адамдар ойыншық етеді. «Үйіңді сат» деп мазасын алған олар Нұргүлді мемлекеттік сынақтан да құлатып, аурушаң анасының көзін құртпақ болып, махаббаты Мұрат екеуінің арасына от салады. Бетін тұмшалап, өзін жақсы адам ретінде көрсеткен хиджаптағы Жаңылдың құйтырқы әрекетін ҰҚК қызметкерлерінің көмегімен әшкерелейді.
Қойылымның режиссері - «Жастар» театрының әртісі, Алдажаров Әл-Мұхаммед Бақытбекұлы.
Театр жетекшісі - ҚР Мәдениет қайраткері Нұрмаханов Оңталап Дүйсенәліұлы.
Келіңіздер, көріңіздер! Шақырамыз!