» » Жас өрендер Қызылорда қаласының көрікті жерлерін тамашалады

Жас өрендер Қызылорда қаласының көрікті жерлерін тамашалады

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар
Қызылорда қаласында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Vizit Qyzylorda» туристік фирмасы бірлесіп № 7 арнайы түзету мектеп-интернаты оқушыларына Қызылорда қаласы бойынша сити-тур өткізді.
Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қызылорда қаласының туристік-мәдени, тарихи нысандарымен таныстыру. Сонымен қатар, ішкі туризмді оның ішінде мектеп, әлеуметтік туризмді кеңінен насихаттау болып табылады.
Сити-тур барысында оқушылар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейімен және Қызылорда қаласының көрікті орындарының тарихымен толықтай танысты.
Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1939 жылы ашылған. 1980 жылы облыстық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен мұражайға XX ғасырдың 50-шы жылдарындағы сәулет ескерткіші, екі қабатты ғимарат бөлінген.
Облыстық тарихи – өлкетану мұражайының қорында 51.239 көрме қойылымдары бар, олардың ішінде 28.923 – негізгі қорда. Көрме қойылымдарында археология мен этнография, нумизматика, мүсін, қолданбалы өнер бұйымдары, фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін кітаптар топтамалары, өлкенің өсімдікті және жануар әлемі заттары бар. Мұражай қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдары, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай.