» » СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНҒА КЕЛДІ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНҒА КЕЛДІ

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, Сенат депуттаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы және облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен ауданға келді.
Сапар барысында депутаттар Алғабас елді мекеніндегі спорттық сауықтыру кешенінің, «Мөлдір және К» ЖШС-нің құс өсіру фермасының, «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонан соң депутаттар аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, ұлттық құндылықтарды сақтау және латын әліпбиінің қолданысқа енуі жайында да сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар депутаттарға бірқатар сауалдар қойып, ұсыныстарын айтты.