Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Құттыбай Досманбетов "Байқоңырға" қайта оралды

Құттыбай Досманбетов "Байқоңырға" қайта оралды«Қайсар» футбол клубы белгілі маман, тәжірибелі жаттықтырушы Құттыбай Досманбетовпен келісімшартқа отырды. Құттыбай Жәмиұлы «Байқоңыр» футбол командасында бапкер-кеңесші қызметін атқаратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Құттыбай Досманбетов «Байқоңырды» 2014 жылы жаттықтырып, команданы Бірінші лигаға шығарған болатын. Алайда, денсаулығына байланысты 2015 жылдың басында қызметінен өз еркімен кеткен. Енді міне, білікті маман командаға қайта оралып отыр.
Құттыбай Досманбетов, «Байқоңыр» командасының бапкер-кеңесшісі:
- Командаға қайта келгеніме қуаныштымын. Қазір денсаулығым жақсы. Командаға пайдамды тигіземін деп ойлаймын. Әлбетте, жарты жылдың ішінде футболшылардың шеберліктері едәуір толысқан. Дегенмен, сырттай байқап жүремін, әлеуеттері бұдан да зор. Алдағы уақытта «Байқоңырдың» ойыншылары Премьер-лигада ойнайтындай дәрежеге жетуі тиіс.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: