Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН «ҚАЙСАРМЕН» БІРГЕ ЖАТТЫҒУ ЖАСАДЫ

ИЛЬЯ ИЛЬИН «ҚАЙСАРМЕН» БІРГЕ ЖАТТЫҒУ ЖАСАДЫ

 

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин Қызылордада болды. Осы сапары барысында «Қайсар» командасының оқу-жаттығу жиынына келді. 
Даңқты спортшы футболшыларды Премьер-лигаға қайта оралу қуанышымен құттықтады. «Қайсар»  біріншілік аяқталмастан мұндай мүмкіндікке қол жеткізіп қойған еді.
Бірінші лига командалары енді екі турдан кейін биылғы маусымды аяқтайды. Жерлестеріміз ертең, 22 қазанда сырт алаңда «Қызылжар» командасымен кездеседі. Соңғы тур 30 қазанда өтеді. Бұл жолы жерлестеріміз өз алаңында Семейдің «Алтай» командасын қабылдайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: