Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Каратэ-до мамандарына шеберлік дәрісі өткізілді

Каратэ-до мамандарына шеберлік дәрісі өткізілдіҚызылорда қаласында каратэ-додан жаттықтырушыларға арналған  облыстық семинар өтті. Бұл шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР каратэ-до федерациясы мен облыстық каратэ-до федерациясы ұйымдастырды. 
Семинар барысынд  каратэ-додан ҚР вице-президенті, 7-ші дан иегері, республиканың аға жаттықтырушысы Жасталап Санауов 14 сағат практикалық сабақ жүргізді. Шараның мақсаты – каратэ-домен шұғылданатын спортшылардың дайындық деңгейін жетілдіру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Семинар жоғары деңгейде өткізілді. Оған Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Қармақшы ауданынан 12 жаттықтырушы қатысты. 
Бағдарлама барысында Жасталап Санауов облыста каратэ-до спортының дамуына үлес қосқан бірқатар жаттықтырушыларды марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады. Каратэ-додан жаттықтырушы Тағдыберген Жаналиевке медаль тақса,  облыс жаттықтырушылары Рүстем Әбжәмиев, Еркін Боханов, Нұржан Ақпанбет, Рүстем Қараев, Әкімжан Нұрғалиев және И.Леонидтер сертификаттарға ие болды.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: