Алматы қаласында теннистен 18 жасқа дейін жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде Тимур Мауленов жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол жекелей сында 5 ойын өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ал жұптық ойында күміс жүлдені иеленді. Енді Тимур 23-30 шілде аралығында Астана қаласында ересектер арасында өтетін халықаралық турнирде бағын сынамақ.