» » САДЫҚ МҰСТАФАЕВТЫ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

САДЫҚ МҰСТАФАЕВТЫ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Айдар: Спорт, Сонғы жаңалықтар
 САДЫҚ МҰСТАФАЕВТЫ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ19 мамырда Қызылорда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы, «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», «Ауыр атлетика және дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», дзюдодан Халықаралық дәрежедегі төреші атақтары мен «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Садық Мұстафаевты әріптестері жаңа қызметіне шығарып салды. 
Облыс әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Садық Шоңмұрынұлы жақында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры болып тағайындалды. 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев С. Мұстафаевты жаңа қызметімен құттықтап, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді. 
-Садық Шоңмұрынұлы еліміздің дене шынықтыру және спорт салаларын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап келеді. Оның тікелей бастамасымен аймақта спорт саласының материалдық техникалық базасы едәуір нығайды. Облысымыздың көптеген спортшыларының республикалық және халықаралық деңгейде үздік болуына, олимпиада жүлдегерлері атануына, сонымен бірге, облыс көлеміндегі кәсіпқой және бұқаралық спортты дамытуға ерекше үлес қосты. Моңғолия елінің олимпиадалық спорт комитетінің шешімімен ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Моңғолияның «Алтын орденімен» марапатталуы ерен еңбегінің елде ғана емес, шет мемлекеттерде де бағалануы деп түсінеміз,-деді Қ.Көшербаев.
Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Садық Мұстафаев Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.