Мемлекеттік қызметшілердің дәстүрлі спартакиадасы басталады
Үстіміздегі жылдың 22 маусым – 7 шілде аралығында Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында XХ дәстүрлі спартакиада басталады. Дәстүрлі спартакиада спорттың 10 түрінен: арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, эстафета 4x100м, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, жүзу 4x25м және волейболдан ұйымдастырылады. Жарысқа мемлекеттік мекемелерден 25 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер қатысады.
Мақсаты - мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру мақсатында өткізіледі.
Облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада 1995 жылдың жаз айында бірінші рет Қызылорда қаласында бастау алып, дәстүрлі спартакиада бүгінде 20-шы мәрте ұйымдастырылып отыр.
Спорттың әр түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталады. Ал жалпы есепте жеңіске ие болған командаларға ауыспалы кубок, дипломдар табысталады.
Жарыстың салтанатты ашылуы 22 маусым күні сағат 19.00-де «Мұз айдыны» спорт кешенінде болады.