АФРИКАДА КҮЛКІНІҢ ӨЗІ ДЕРТКЕ АЙНАЛЫП КЕТІПТІ (ВИДЕО)
Бұл оқиға 1962 жылдың 30 қаңтарында кәдімгі қарапайым күлкіден басталған, деп жазады Seykhuninfo.kz.
Танганьикаға қарасты мектепте білім алып жүрген үш оқушы қыз күлуді бастап, одан кейін ол әрекеттерін тыя алмай қалды.
Кейіннен олардың қатарына сол мектептің 95 оқушысы қосылды. Енді бұл күлкі эпидемиясы күлкі болудан қалды. Осының салдарынан басшылық мектепті екі айға жауып тастауға мәжбүр болды. Мұндай келеңсіз көрініс мектеп ішінде дереу жайылып кетті. Күлкі эпидемиясы біршама сағат пен 16 күнге дейін созылды. Мектеп наурыз айында жабылды. Осы уақытта онда білім алатын 159 оқушының 95-і аталмыш дертке душар болыпты.
Мектепті жапқаннан кейін 10 күннен кейін мұндай жағдай көрші елді мекенде тіркелді. Өйткені, онда тұратын бірқатар оқушылар аталмыш мектепте білім алатын еді. Нәтижесінде сәуір-мамыр айларында бұл дертті 217 адам жұқтырған.