Илон Маск: Бізді бөгде ғаламшарлықтар бақылап отырған болуы мүмкін
Бірнеше жылдан бері Илон Масктың жат планеталық екендігі туралы қауесет тарап кетті. Ал, Масктың өзі супер интеллектуалды келімсектер адамзатты бақылап отыруы мүмкін деп болжады. Бұл жөнінде Qamshy.kz жазды.
БАӘ болашақ және кабинет істері министрі, Дүниежүзілік үкімет саммитінің (WGS) төрағасы Мохаммад Аль Гергави Илон Маскпен сұхбаттасқанда бөгде ғаламшарлықтар тақырыбы туралы cөз болады.
Илон Маск "кейбіреулер мені бөгде ғаламшарлық дейді, бірақ ол шындық емес" деп қауесетке нүкте қойды.
Аль Гергави "Келесі 50 жыл ішінде келімсектермен байланыс орнатамыз деп ойлайсыз ба?" деп сұарйды. Маск мұны айту қиын екенін мойындағаннан кейін, келімсектерге қатысты өзінің кейбір ойларын жеткізді. Бөгде ғаламшардағы өркениеттің болуының ықтималдығы жоғары екенін алға тартты.
–Егер ол жерде супер интеллектуалды келімсектер болса, олар бізді бақылап отырған шығар...Бұл өте жоғары ықтималдық. Біз оны байқай алатындай жеткілікті дәрежеде ақылды емеспіз,–деді Маск.
Бұл жауап адамзатқа сәл қатал болып көрінгенімен, әлемдік жетекші физиктердің бірі Нил де Грасс Тайсон бір кездері осыған ұқсас сөздер айтқан.