Қазіргі уақытта Il Sole 24 ore редакциясынан барлық қызметкерлер шұғыл эвакуацияланып, саперлер жарылғыш затты іздеп жатыр, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында белгісіз біреу мұнда қоңырау шалып, ғимаратқа бомба қойылғану жайлы хабарлаған. Артынша саперлер мен әскери полиция оқиға орнына 10 минут ішінде жетті. Қазіргі уақытта редакция ғимараты толықтай оқшауланған.