Соның салдарынан футболшылар мінген автобустың алдыңғы терезесі сынып, көлік жүргізушісі алған жарақатына байланысты Трабзон қаласының ауруханасына жатқызылды. Ал ойыншылар дін аман. «Полиция оларды әуежайға дейін шығарып салды», - деп хабарлайды түріктің Haberler.com сайты. Бұл оқиғаға қатысты «Фенербахче» клубының менеджері Махмут Услу: «Біз мұнда футбол ойнауға келдік. Қонаққа келген қарсыласты осылай қарсы ала ма екен? Ойыншыларымыздың өміріне қастандық жасап, өш алатындай біз не істеп қойдық?! Бәлкім ертең бізге олар бомба лақтыратын шығар»,- деп жауап берді. «Фенербахче» футбол командасы 1907 жылы құрылған. Ол – Түркия супер лигасының 19 дүркін чемпионы. Биыл да чемпиондықтан үміті зор. Қазіргі уақытта Фенербахче турнирлік кестеде 56 ұпаймен көш бастап тұр. Ал оның ізін 55 және 54 ұпаймен «Галатасарай» мен «Бешикташ» футбол командалары басып келеді.