Facebook VK WhatsApp Instagram

Әлем

0

ЕСІМІ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН БОКСШЫ МҰХАММЕД ӘЛИ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

ЕСІМІ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН БОКСШЫ МҰХАММЕД ӘЛИ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

 

АҚШ-та тыныс алу проблемаларына байланысты ауруханаға жатқызылған есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли жұма күні қайтыс болды, деп хабарлайды NBC News.
74 жастағы Әли соңғы бірнеше күн жатқан Финикс ауруханаларының бірінде көз жұмды. Американдық телекомпанияға спортшының өлімі туралы ақпаратты оның отбасының өкілі растады, деп жазады РИА Новости.
Британдық Mirror басылымы 3 маусымда 74 жастағы американдықтың ауруханаға тыныс алу проблемаларына байланысты жатқызылғанын хабарлады. Кейінірек американдық Финикстегі емхана дәрігерлері есімі аңызға айналған боксшының туыстарына оның халі өте нашар екенін жеткізді. Дәрігерлер Әлиді Финикс ауруханасынан шығару мәселесін қарастырды, алайда бұл пациент үшін ауыр болады деген ұйғарымға келді.

Дерек көзі: ҚазАқпарат
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: