«Әлем миссисі -2014» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.
Байқау жеңімпазы 31 жастағы беларусьтық келіншек тележүргізуші, сонымен бірге сахнада ән айтады.
АҚШ-тың Мэриленд штатында «Әлем миссисі -2014» Халықаралық байқауы өтті. Байқау жеңімпазы 31 жастағы беларусьтық келіншек тележүргізуші, сонымен бірге сахнада ән айтады.
Байқауға барлығы 35 елден келіншектер қатысқан. Сайысқа тұрмыстағы әйелдер ғана қатыса алады. Балалары бар, қайырымдылық жұмыстарымен айналысатын жандар ерекше бағаланады. Байқаудың мақсаты - отбасы құндылықтарын, сондай-ақ, әлем идеалдарын, мейірімділік пен сұлулықты насихаттау.