Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Үнді және қытай әскерлерінің жаппай төбелесінің видеосы жарияланды

Желіде Галван алқабында Қытай мен үнді әскери күштерінің жаппай төбелесінің видеосы жарияланды. Бұл жөнінде 365info.kz жазды.
Екі ел шекара үшін дауласуда. Бейнежазбаны жариялаған South China Morning Post басылымының хабарлауынша, төбелес 15 маусымда болған, бірақ оқиға орнындағы кадрлар жақында ғана қолға түсті.
Кадрлардан екі елдің әскери қызметшілері арасындағы қақтығыстың қалай болғанын көруге болады. Екі жақ та атыс қаруынсыз, бірақ кейбір әскерилердің қолында таяқтар бар. Алғашқыда қақтығысқа қатысушылар көп емес еді. Олар сөзге келіп, бір-бірін итерді.  Бірақ көп ұзамай қытай әскері үндістерді тықсыра бастайды, ал олар шегінуге тырысқанда, жұдырық жұмсады. Жерге және суға құлаған үндістерді ұруды жалғастыруда.
Шекарадағы үнді және қытай әскери күштерінің қатал қоян-қолтық шайқасының нәтижесінде 20 үндіс қайтыс болды.  Жараланғандарды қосқанда Қытайдың жалпы шығыны 43 адамды құрады. Екі елдің шекарасындағы шиеленіс әлі де жалғасуда. Тараптар бір-бірін үнемі арандатушылық жасады деп айыптайды.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: