Қызылордада жүрекке жасанды қондырғы қойыла бастады
Облыстық медицина орталығында жаңа кардиологиялық ота жасала бастады. Бұл ота -жүрекке қойылатын жасанды қондырғы болып табылады, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қондырғының көмегімен жүректің кенеттен тоқтап қалуының алдын алып, жүрек науқасы бар жоғары топтағы жандардың өмірін ұзартады.
Жалпы биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап, облыстық медицина орталығының хирургтары барлық сала бойынша жаңаша ендірулер жасап, емдеудің жаңаша түрлерін енгізуде. Жақында ғана бірнеше кезеңге созылған ірі ота жасалды. Онда іріңдеп кеткен аяқты аман сақтап, ұзақ емдеудің нәтижесінде жаңа тері жамау отасын жасады. науқас өзін жақсы сезінеді.