Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

АУТИЗМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТУ КҮНІНЕ МАРАФОН ӨТТІ

АУТИЗМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТУ КҮНІНЕ МАРАФОН ӨТТІБүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай алғаш рет биыл Қызылордада марафон өтті.
Игі бастаманы ұйымдастырушылар - «Форте» банктің Қызылордадағы филиалы мен «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының облыстағы өкілдігі. 
Шараға аутизммен ауыратын балалар мен олардың ата-аналары, дәрігерлер, белсенді жастар, банк қызметкерлері қатысты. 
Акция барысында дерт жайлы жан-жақты ақпарат, науқастарды қоғамға бейімдеу жолдары айтылды.
Ресми дерек бойынша біздің өңірде 23 бала аутизмге шалдыққан. Маусым айында облыс орталығында осындай балаларды оңалтуға арналған орталық ашылмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: