АЛҒАШ РЕТ АНА ҚҰРСАҒЫНДАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
21-қыркүйекте Қытай дәрігерлері ана құрсағындағы сәбидің жүрегіне ота жасаған, деп хабарлайды reactor.inform.kz.
Бұл Қытайда жасалып отырған алғашқы ота. Гуандун провинциясының хирургтері әлі дүние есігін ашпаған 28 апталық (6-7 айлық) сәбидің сау боп тууы үшін, оның жүрегіндегі ақауды ертерек емдеуді құп көріпті. Ана мен баланың денсаулығын жіті бақылаған ақ халаттылар бала жүрегінен өт жолдарына келетін қан мөлшері аз болғандықтан сәбидің кем боп туатынын айтқан.
Аталмыш ота 20 минутқа созылған. Дәрігерлер ота жасағаннан соң төрт күн өткенде отаның сәтті өткеніне көз жеткізген. Баланың жүрек клапанының жұмысы бұрынғысынан жақсарған көрінеді. Қан айналымы қалыпқа келген. Анасының да жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер енді шамамен үш айдан кейін дені сау бала дүниеге келеді деп күтіп отыр.