Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Облыста денсаулық сақтауға 2 есе артық қаржы бөлінді

Облыста денсаулық сақтауға 2 есе артық қаржы бөліндіХалық алдында есеп беру жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Халықтың медициналық қызметке берген бағасын тұтастай мемлекетке, яғни билікке берілген баға деп қабылдау керек» деді.
Соңғы үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласының қажетіне облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы 2 есеге көбейді. Денсаулық сақтау саласының осы аралықтағы жалпы бюджеті 94,1 миллиард теңге құрады. Аталған сала бойынша жан басына шаққандағы шығын көлемі бойынша Қызылорда Астанадан кейінгі екінші орында. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуде мәлім етті. 
- Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің 83 пайызы медицина саласына тиесілі екен. Сондықтан халықтың медициналық қызметке берген бағасын тұтастай мемлекетке, яғни билікке берілген баға деп қабылдау керек, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Былтыр медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін 3 миллиард теңгеге жуық қаржы берілді. Барлық аудандағы орталық ауруханалар жаңа техника алды. Бұл емдеу-сауықтыру шараларының ауданда көбірек жасалып, халықтың қалаға қатынауын азайтты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: