Табиғат иесіз үйлерді жасыл желекпен көмкерді (3 СУРЕТ)
Қытайдың Янцзы өзені бойында Шангси архипелагы орын тепкен. Онда 400-ге тарта шағын арал бар.
Осы аралдардың бірінде балықшылар елді мекені орналасқан. Сол жерге барған фотограф Тан Юхонг керемет көріністің куәсі болды. Қазір елді мекенде ешкім тұрмайды. Тұрғындар баспаналарын тастап кеткен. Табиғаттың өзі сол үйлерді жасыл желекпен көмкеріп тастаған көрінеді.