Жерлесіміз жапырақтардан ерекше өнер туындыларын жасап жүр (ФОТО)
Суретші Қанат Нұртазин әдеттегі жапырақтардан ерекше өнер туындыларын жасайды. Өзінің сүйікті ісімен үш жыл бұрын шұғылдана бастаған. Оның топтамасында шеге, гипс, банан, алма, раушан мен өзге де көптеген заттардан жасалған бұйымдар жетерлік.
Мен әуелде бұл өнерден алыс болатынмын. Барлығы картон мен жапырақтан басталды – дейді өзі.
Бұл туындыларды жасау үшін өте мұқият болу керек. Себебі кез-келген оқыс қимыл бар жұмысты жоққа шығаруы мүмкін. Жұмыс барысы жобаның идеясы мен қиындығына байланысты.
– Мен алдымен идеямды қорытамын, сұлбасын жасап, егжей-тегжейін түгендеймін. Содан кейін сурет салынған қағазды жапыраққа жабыстырамын. Жұмысымды аяқтағаннан кейін дұрыс ракурсты таңдап, телефонға түсіремін – дейді Қанат.