ДДСҰ масканы тағу бойынша жаңа ұсыныстарды жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қорғаныс маскаларына қатысты ұсыныстарды жаңартты. ДДСҰ спортпен белсенді түрде айналысатын азаматтарға бетперделерді және ауа клапандары бар маскаларды қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ДДСҰ-ның төртінші рет жаңартылған ұсыныстарына сәйкес, егер сіз белсенді жаттығулар жасасаңыз, маска және клапандары бар бетперделерді тағуға болмайды, өйткені олар қалыпты дем алуға мүмкіндік бермейді. Жақсы желдетілетін бөлмелерде спортпен шұғылдану кезінде кем дегенде 1 метр қашықтықты сақтауған жөн.
Жалпы респираторларды (клапандары бар маскалар) қолдану ұсынылмайды, өйткені олар дем шығаратын ауаны сүзбейді. Оның орнына үш қабатты маскаларды таққан дұрыс, олар дем алатын маталардан жасалған.
ДДСҰ сонымен қатар бетке арналған қорғаныш қалқандарын қолданбауға кеңес береді. Өйткені олар тек көзді қорғайды, басқа жағдайда пайдасы аз. Дегенмен ол егер мата немесе медициналық маска тағу мүмкін болмаса, балама бола алады. Бұл ретте қалқандар иек пен беттің бүйірлерін жабуы керек.
Бұдан өзге, егер кем дегенде 1 метр қашықтық сақталмайтын болса, үйдің ішінде де, сыртында да қорғаныстың қосымша құралы ретінде бетперде тағу ұсынылады. Ауруханаларға және басқа медициналық мекемелерге барғанда да маскалар қажет. Егер бөлме нашар желдетілсе, онда үй ішінде маска кию міндетті.
Сондай-ақ, арақашықтықты сақтай алмаған немесе бөлме желдетілмеген кезде қонақтардың жанында маска таққан дұрыс.