Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ешкі мінген балалар Қазнетті күлдірді

Ешкі мінген балалар Қазнет қолданушыларын күлдірді. Қызық видеоны интернетке павлодарлық Қуандық Серікұлы жүктеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, видеоны Павлодар облысы Воскресенка ауылында түсірген.
"Бұл ауылда әпкем тұрады. Жақында оның үйінде қонақта болдым. Көрші үйдің балалары ешкі мініп жатты. Бір бала ешкіні тақымдап алған, екіншісі малды шанаға байлады. Өзім де ауылда өстім. Алайда мұндайды көргенім жоқ. Әрине, қызық. Бұған күліп, телефонға түсірдім", - дейді видеоның авторы.
Бір тәулік ішінде павлодарлық пабликтердің бірінде ғана бұл видео 100 мыңға жуық қаралым жинады.
"Жылқыларды соғымға сойғанда осындай болады", "Такси шақырдыңыздар ма?","Экологиялық көлік", - деп әзілдеді желі қолданушылары. Ал кейбірі балалық шағын есіне алды.
"Интернетсіз өткен балалық шағым есіме түсіп кетті. Күні бойы көшеде ойнайтын едік", "Балалық шағымызда сиырға мінген ұлдар да болды", "Ал біз ауылда итке де отыратын едік", - деп жазды олар.
Tengrinews.kz тілшісі желіде қызу талқыланған видеоға Воскресенка ауылында тұратын 11 жастағы Уәлихан Аип және 7 жасар Мансур Асаинов түскенін анықтаған.
Ата-анасының айтуынша, балаларының ешкі мініп жүргеніне 3 жыл болыпты. Үйде Белок, Черныш және Серый атты 3 ешкі бар екен.
"Балалар үй жануарларымен ойнағанды жақсы көреді. Ешкілер асыл тұқымды емес. Балалар оларды өздері үйретті. Кейін оларды шанаға жекті. Жазда олармен далада жүреді. Тіпті, жарысады да. Бұл жануарларды қолға үйретуге болады", - дейді балалардың анасы Сәуле Сүлейменова.
Оның айтуынша, ешкілер салмағы 40-50 келі жүкті көтере алады. Балалардың айтуынша, ешкілер пісте жегенді жақсы көреді.

[media=https://www.instagram.com/p/CIx0H6uBCQL/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again]
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: