Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада алаяқ әйел 152 адамды алдап кетті

Қызылорда облысында қаржы пирамидасын құрып, 152 жәбірленушіден 90 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқ сотталды.
1982 жылы дүниеге келген әйел 2019 жылдың тамыз айында WhatsApp желісінде «Ай-шуақ» тобын ашқан. Бұл азаматша бұдан бұрын да сотты болған, ешқайда жұмыс істемеген. Ол қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Нәтижесінде 152 азаматтан 91 миллион теңгеден астам қаржыны алдап алған. 
Топқа қосылған бірінші қатысушылар алғашқы салымын 40 пайыз үстемесімен қайтарып алғаны анықталды. 
Айналымдағы жалпы қаржы 1 млрд 695 млн 538 мың теңгеге дейін жеткен. Уақыт өте келе пирамидаға қатысушылар ақшасын қайтара алмай қалған. 
«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Осы бағытта Қызылорда қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Нұрбол Нұрмағанбет нәтижелі жұмыстар атқарды. Аталған қылмыс толығымен дәлелденіп, айыпталушы Қызылорда қалалық сотының шешімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: