Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: өтінім қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отбасы банк" сайтына сілтеме жасап.
23 қаңтарда "Отбасы банкі" зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосатыны айтылады.
Банк өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.
"ЭЦҚ арқылы немесе өзге электронды тәсілмен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында тіркелу, жеке кабинетті ашу және арнайы шот ашуға өтінім беру қажет.
Өтініш беруші арнайы шотты уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге тәсілмен аша алады.
Арнайы шотты ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электронды өтініштерді толтырыңыз", - делінген банк хабарламасында.
Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: