Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық компания жобасы қолдау тапты

Қызылорда облысында БҰҰ ДБ-ҒЭҚ, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Даму» қорының бірлескен «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» атты жобасы аясында «Қызылорда СМП» ЖШС жобасы қолдау тапты.
«СМП-Қызылорда» ЖШС 2002 жылы құрылды. Компания құрылыс саласында бай тарихы бар, тұрақты, табысты кәсіпорынға айналғанға дейін үлкен жолдан өтті.
Компания облыс бойынша ірі өндіріс базасы бар санаулы кәсіпорындардың бірі. База құрамына еріген бетон желісі торабы, ағаш өңдеу цехы, арматура цехы, механикалық цех, пластик цехы, ұсақ темір бетон бұйымдарын шығаратын цехы, екі бетон зауыты, ұзындығы 0,36 км кірме темір жолы кіреді.
2018 жылғы 27 қарашада компания МЖӘ шарты шеңберінде №47, №127, №219, №270, №47, № 244, №48 орта мектептері, «Арман» мәдениет үйі, Оқушылар үйінің қазандықтарына сервистік қызмет көрсету және жаңғырту бойынша шарт жасасты.
Кеңес алу үшін Даму Қорының Қызылорда филиалына жүгінген компания өкілдері БҰҰДБ-ЖЭҚ, Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Даму» Қорының бірлескен «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» бірлескен жобасы шеңберінде субсидия алу мүмкіндігі туралы білді. «Қызылорда СМП» ЖШС 130 000 000 теңге несиені «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 2019 жылғы қаңтарда «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» бағдарламасы бойынша алып, 10% пайыздық мөлшерлемені субсидиялады.
Ол қаржыға компания әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қазандықтарын экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, үнемді, қауіпсіз және қолжетімді табиғи газға ауыстырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: