Бүгін Арал қаласының Тәуелсіздік алаңында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Шалқарлықтар жәрмеңкеде ет, сүт өнімдерімен қоса көкеністерді базар бағасынан 15-20 теңге арзан бағамен сатып тұрғындардың көңілінен шықты. Сондай-ақ шара барысында Шалқарлықтар әсем әнмен шашу шашып ардагерлерге арнап үй тігіп ас берілді.
Шара соңында аудан басшысы Абзал Мұхимов Шалқар ауданының делегациясын қабылдап, екі облыс арасындағы алтын көпірдің түйініндей болған екі ауданның әрқашан арақатынасы тоқмағанын және алдағы уақытта да экономикалық-әлеуметтік байланыс одан әрі жалғасын табатындығын білдіріп аудан халқы атынан алғысын жеткізді.