Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауылдасының қорасынан қой ұрламақ болды

Ауылдасының қорасынан қой ұрламақ болды Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғыны Б. есімді азамат ауылдасының қорасынан қой ұрлауға әрекеттенген. Дегенмен, ол ойын жүзеге асыра алған жоқ. 
Ол жәбірленуші Т.-ның мал қорасына кіріп, мал ұрламақшы болады. Құны 25 мың теңге тұратын аяғы байлаулы күйдегі қойды сол жерге тастап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Яғни, сотталушы Б. сыбайласы Е. бірге өзінің тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай, қылмыс жасауға оқталған. Сөйтіп сотталушы Б. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша қоймаға заңсыз кіру арқылы ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын жымқыруға оқталған.
Сот оны ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі  188-бабының 2-бөлігінің 1 және 3 тармақтарымен айыпталған Б.-ны жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: