Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі «Әйтек» су торабын жаңғырту жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Әйтек» су торабына барды. «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов су торабындағы жөндеу жұмыстары туралы баяндады.
 Сырдария өзеніндегі «Әйтек» су торабы 2004 жылы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы (САРАТС-1) аясында салынған Сырдария мен Жалағаш аудандарының аумағында орналасқан. Жалпы алаңы 16 мың га. Аталған су торабы  Әйтек, Соркөл және Елтай арналары арқылы күріш егістіктерін сумен қамтамасыз етуге арналған.  
Су торабы «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының теңгерімінде. 2019 жылғы 23 қыркүйекте су торабының төменгі бьеф арнасының  6,23 м тереңдікке шайылу және ұзындығы 16,6 м шпунтты қабырғаның 52 см тереңдікке шөгуі орын алды.
Орын алған жағдай бойынша жедел шаралар қабылданып, нысандық төтенше жағдай жарияланды. 2019 жылы төтенше жағдайларды болдырмау және жою үшін облыстық бюджеттен 38 млн. теңге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 50,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
2020 жылы жобаның жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге республикалық бюджеттен 48,0 млн. теңге және 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде «Әйтек су торабын қайта жаңғырту» жобасына 700 млн. теңге бөлініп, оның ішінде 308,1 млн.теңгесі игерілді. Жобаның жалпы құны 826,3 млн.теңге.
Қазіргі кезде бетон құю, армосеткалар және армокаркастар құрылыстарын орнату, насос қондырғыларымен суды сорып алу, шпунт сваяларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 69 инженер-техник қызметкер және басқа да жұмысшылар, 17 дана техника тартылып отыр.
Жобаны іске асыруды аяқтау үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен 472,9 млн.теңге қаржу бөлу жоспарлануда.
Бүгінгі күні, сәуір айында егін егу жұмыстарының басталуына байланысты және егістіктерге суармалы сумен дер кезінде қамтамасыз етуге су торабын қайта жаңғырту жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселесі өте маңызды болып тұр.
Осыған байланысты, облыс әкімі жұмыстарды уақытылы аяқтауды және бекітілген кестеге сәйкес сумен қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: