Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада әуежайдағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталады

Биыл «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы бойынша жұмыстар басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тілеуов мәлімдеді.
– Қазіргі таңда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасын іске асырудың тиімді нұсқасы – қолданыстағы әуежай терминалын кеңейту болып отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған жұмыстар бітсе, терминалдың көлемі қазіргіден екі есеге, яғни, шамамен 1400 шаршы метрге кеңейеді. Ал кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады, – деді Дамир Маратұлы.
Бүгінде «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 23 тұрақты рейс қатынайды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына – 10, Алматыға – 13 рейс. Жалпы, биылғы жылдың 3 айында әуежайдан 32,1 мың жолаушы жөнелтілді.
Айта кетейік, облыс «қызыл» аймаққа өткен жағдайда әуежайға кіріп-шығу талаптары күшейтіліп, жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушыларды терминалға кіргізу шектелетін болады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: