Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құрылыс саласының қарқыны

Бүгінгі күні өңіріміздің құрылыс саласы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің  ерекше қолдауының арқасында облыста қарқынды дамып,  оң нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл жөнінде Облыстық құрылыс, сәулет және  қала құрылысы басқармасының басшысы  Е.Төрәлиев айтып берді.  

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жасалып жатқан ерекше қолдаудың арқасында облысымыздың құрылыс саласының қарқыны өте жоғары болып отыр.
6 айда құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші 111,9 млрд.теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  144,6 %-ға орындалып отыр. Ал, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 6 айдың қорытындысымен350мың шаршы метрге жетіп, көрсеткіш 106 пайызға орындалды.
Жалпы жыл соңына дейін қаржыландырудың барлық көздері есебінен870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қаржы игеру бойынша 6 айға 36,6 млрд.теңге жоспарланып, 98,3 пайызға орындалды. 2025 жылға барлығы 166,8 млрд. теңге бөлінген болатын. Бұл қаржыға облыс көлемінде 96 жобаның құрылысын жүргізу және 2980 пәтер сатып алу көзделіп отыр.
Атап айтқанда:
Білім беру саласында – 11нысан (5 жайлы мектеп);
Денсаулық сақтау саласы – 9 нысан;
Мәдениет саласы – 6нысан;
Спорт саласы – 8 нысан;
Мемлекеттік орган – 3 нысан;
Инженерлік желілер – 44 жоба.
Тұрғын үй құрылысы  - 15 тұрғын үй (650 пәтер).
Пәтер сатып алу – 2980 пәтер.
Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы шеңберінде 6900 орындық 10 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған болатын.
Облыс әкімдігі тарапынан аталған 10 жайлы мектепке инженерлік инфрақұрылымды жеткізу және мектептердің іргелес аумақтарын абаттандыру мен жол салу жұмыстары міндеттеліп, қазіргі таңда барлығы толық аяқталды.
Бүгінгі күнге, Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық мектеп, Арал қаласында 300 орындық мектеп және Жаңақорған ауданы Жаңарық елді мекенінде 300 орындық мектеп, Жаңақорған кентінің Саяжай мөлтек ауданында 600 орындық мектеп, Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп және Қазалы ауданы Жанқожа ауылында 300 орындық мектеп құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне табысталды. 
Қалған 4 мектепті 2025 жылдың аяғына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда.
Құны 7,6 млрд теңге құрайтын сол жағалаудағы физика-математикалық мектеп құрылысы, 2,8 млрд. тг. Музыкалық колледж, Сұлтан бейбарыс пен Назарбаев көшесі қиылысындағы 10,9 млрд. теңгенің Шығармашылық инновациялық орталығының құрылысы аяқталып ел игілігіне табысталды. 
Сондай-ақ, бүгінгі күнге Арал ауданы Жалаңаш ауылынан 150 орындық мектептің құрылысы және Шиелі ауданынан 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Білім беру нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне табыстау жоспарлануда.
Денсаулықты сақтау саласында құны 35,5 млрд. теңге болатын Сырдария өзенінің сол жағалауында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік онкологиялық бөлімшемен көп бейінді аурухана нысанын және Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған және Сырдария аудандарындағы орталық ауруханаларды реконструкциялау мен Қамқорлық орталығына бейімдеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Мәдениет саласында, Сол жағалаудағы Тарихи өлкетану мұражайы мен Арал және Қазалы және Сырдария ауданындағы Руханият орталықтары осы жылдың мамыр айында пайдалануға қабылданса, Достық үйінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 
Спорт саласында, Стадион құрылысын қыркүйек айында аяқтау жоспарланса, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда Арена» спорт кешенінің және «Қазақстан Халқына» қоры арқылы келісім негізінде құны 2,9 млрд.теңге болатын сол жағалаудағы спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Тұрғын үй құрылысы бойынша,қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 45,9 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 2024 жылдан өтпелі Байқоңыр қаласында 250 пәтерді құрайтын 5 тұрғын үйдің, Сырдария өзенінің сол жағалауында 400 пәтерді құрайтын 10 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 2292 пәтер сатып алу және 688 кредиттік тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. 
Сақалды құрылыстар мәселесі бойынша осы жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік маңызды 5 нысан бар болатын, бұл мәселені облыс әкімінің тапсырмасымен басқарманың тікелей тапсырысындағы барлық құрылысы ұзаққа созылған нысандар шешімін тауып, пайдалануға қабылданды. Бүгінгі күнге Басқарманың тікелей тапсырысында құрылысы ұзаққа созылған нысандар жоқ.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: