Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНЫҢ ҮЛЕСІ ТӨРТ ЖЫЛДА 4 ЕСЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНЫҢ ҮЛЕСІ ТӨРТ ЖЫЛДА 4 ЕСЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ

 

Бүгін, 21 қазан күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жөнінде республикалық конференция өтті. 
Мұнай өндіруден өнеркәсіпті әртараптандыруға ойысқан Қызылорда облысы үшін индустрияны дамытудың маңызы зор. Қызылорда облысының әкімі конференция жұмысына сәттілік тілеп, аймақтағы индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады.
- Біздің облыс шикізаттық емес секторды дамыту жөнінен республика бойынша көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың 9 айында өңдеу секторының көлемі 16,3 пайызды құрады. Нәтижесінде облыстың өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 18,9 пайызға дейін өсті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары. Демек, экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік мол,- деді ол.
Сондай-ақ аймақ басшысы аймақ экономикасын әртараптандыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Тұз технологиясы ғылыми-зерттеу институты» қоғамдық қорының президенті Уәлихан Бишімбаевқа ризашылығын білдіріп, облыстың Құрмет грамотасын табыстады. Конференцияда Уәлихан Бишімбаев «Кальцийлендірілген соданы аммиакты әдіспен алу технологиясын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады. Шараның өзге қатысушылары конструкциялық және биохимиялық материалдармен жұмыс жасау, Сыр өңірінің агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ғылыми жетістіктер мен инновацияларды қолдану, Қызылорда облысының экономикасын дамыту стратегиясындағы минералдық шикізаттық ресурстардың рөлі және басқа да тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: