Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Тоқал әкелемін" деп арманына өзі мастанады

"Тоқал әкелемін" деп арманына өзі мастанадыОсы маған ауыр тиетін тақырып "тоқал алу. Бір жерге барып, "мұсылманмын" деп жүргендермен сөйлесе қалсаң, ертең бе, арғы күні ме, әйтеуір сәтін салса, "тоқал" әкелемін деп өз арманына өзі мастанады.
Осындайда бір бірін өмір бойы тәрбиелеп, бір бірін өмір бойы қадірлеп өткен ата-әжем, әке-шешемнің өмірі ойға келеді. Әкемнің аяғы ақсақ боп, "дымға" жарамай қалса да, шешем ауырлықтың бәрін өзі көтеріп, ала дорбасын арқалап, өзі бізді асырап осы күнге жеткізді. Әкем бір қораны тұрғызып, ақсаңдап жүріп, бәрін өзі істей беретін.Олардың түсінігінде отбасы деген ең қадірлі ұғым тұғын, сол отбасы үшін жанын қиярдай еңбектенді. Ал, қазір ше? Абдужаппар тоқал алды деп, миларына құрт түсіріп жүр. Соған еліктегеннің қай қайсысы болсын, ертең бір шаңыраққа да жарымай кететіндей қауіптенем.

Раушан Жакешбай
facebook-тегі парақшасынан
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: