Қызылорда облыстық прокуратурасында облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен алқа отырысы өткізілді.
Отырыс барысында үстіміздегі жылы алаяқтық қылмыстарының орын алу себептері мен жағдайларына және сот-тергеу тәжірибесіне жасалған талдау қорытындысы талқыланды. Іс-шараға облыстық ішкі істер Департаментінің лауазымды тұлғалары, прокуратураның жедел қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Облыстық прокуратураның 2-Басқарма бастығы Ерлан Қожанов баягдамасында өңірдегі алаяқтық, бұзақылық және шабуыл қылмыстарына тоқталып өтті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың 9 айында алаяқтық санатта 1133 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 214-ке немесе 23,3 % өскен.
Бұл санаттағы қылмыстар Қызылорда қаласында 701-ден 970-ке, Қармақшы ауданында 16-тан 26-ға, Жалағаш ауданында 5-тен-7-ге көбейген.
Алаяқтың белең алуының басты себептерінің бірі ол әлеуметтік жағдай, себебі, алаяқ қылмысының 81,2% осы жұмыссыздармен жасалуда. Сонымен қатар, адамдардың алдауға сеніп, заң тұрғысынан сауатының төмендігінен орын алуда. Яғни, психологиялық тұрғыда адамның қажеттіктерін бұрын біліп, оның сеніміне кіреді. Мысалы, 2005 жылдан бері алаяқтық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Б.С түзелу жолына түспей, үйренішті кәсібін өзінің алаяқтық пиғылынан бейхабар азаматтардың арасында кеңінен жалғастырған.
Соңғы рет Қызылорда қалалық №2 сотының 08.08.2014 жылғы үкімімен С.Б. қылмыстық кодекстің 177-бабы 2-бөлігінің «а, б» тармағымен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Алайда, 2014 жылдың 20 тамызында С.Б. азамат Б.Н-қа Байқоңыр қаласынан екі бөлмелі пәтер алуға жәрдем беретінін жеткізіп, оның 100 000 теңгесі мен 40 000 рубль ақшасын алып кеткен.
Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, қылмыстық істің тергеуі 29.08.2015 жылы тараптардың тутуласуына байланысты тоқтатылған.
Осы мерзім ішінде тіркелген 1133 алаяқтық қылмыстары қарыз алуға, келісім шарттарға, несиені рәсімдеуге, телефон арқылы алдауға, жұмысқа орналастыруға, жылжымайтын мүлікке, ұялы телефонды иеленуге, жер учаскелерін алып беруге, пәтерді жалға беруге және өзге де түрлеріне қатысты орын алған.
Сонымен қатар, жәбірленушілерге тиімді ұсыныстар айтуымен іске асырылып, нәтижесінде, көптен бері мәселесі шешілмей жүрген адам оның құрған торына түсіп, жиған терген қаражатын өз еркімен береді. Мысалы, азаматша А.Е. көршісі жәбірленуші Е.М.-нің үйіне барып, жер мекемесінде жұмыс істейтін таныстары арқылы біраз адамдарға жер алып беріп жүргенін айтып, үйінің қасынан жер алып беремін деп, соңғының 530 000 теңгесін алдап алып кеткен.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен сотталушы А.Е. қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Қазіргі уақытта банктен несие алу төңірегінде алаяқтық әрекеттері белең алып отыр. Осы санаттағы адамдар кедергіден өту үшін банк қызметкерімен немесе арада жүрген делдалмен келісімге келіп, жалған құжат дайындау арқылы несие алуға қол жеткізеді. Кейбір алаяқтар адамдардың қаржы тапшылығынан қиналып жүрген жағдайын тиімді пайдаланып, үйлерін банктерге кепілге қойдырып, несие алдырып, бір бөлігін өздері алып кетеді. Мысалы, А.Б. азамат С.С.-ға «Даму» шағын кәсіпкерлерге арналған ұйымнан 20 млн. теңге несие алып бере алатынын жеткізіп, ол үшін 500 мың теңге алып, алдап кеткен.
Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен А.Б. қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылған. Алаяқтық қылмыстарының бірден бір түрі ол жұмысқа тұрғызу мақсатындағы алаяқтық қылмыстары. Жұмысқа тұрғызып беремін деген желеумен адамдарды алдау жағдайлары да тіркелуде. Мысалы, Ж.Н. жұмысқа тұрғызамын деп Н.Д-тан 75 000 теңге және Б.А.-дан 25 000 теңге ақшаларын алып алдап кеткен.
Алқа қорытындысымен алаяқтық қылмысының алдын алу және онымен күреу бағытында нақты шараларды белгілеп, жүзеге асыру шаралары қабылданды.